Жаңалықтар
“Алаш ұлағаты- ұландар үнінде” жылдық акциясы бойынша “Қанатты достар” тақырыбындағы акция аясында мектеп оқушылары жыл құстарына арнап ұя жасады. Жасаған ұяны мектеп ауласындағы талдарға орналастырылды.
Мектебімізде бітіруші түлектердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасы азаматтарына (Серпін жобасы) үшін бөлінген квота бойынша ақпараттық -түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектебімізде 15 мамыр -Халықаралық отбасы күніне орай “Менің отбасым” тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде үздік деп танылғандар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Мектебімізде “ Есірткісіз аймақ” жобасын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспарына сәйкес “Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз!” тақырыбында жүгіруден спорттық марафон ұйымдастырылды. Марафонға 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту мақсатында өткізілген КСРО білім беру ісінің үздігі С. Нұртаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадада жүлделі ІІ орын алған ЕРБОЛҚЫЗЫ НҰРАЙ , жетекшісі: Усейнова Гүлнар.
Мектебімізде 15 мамыр -Халықаралық отбасы күніне орай “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының финалистерімен кездесу ұйымдастырылды. Осы орайда Нұрмағанбетов Қабылбек қажы атамыз бен Бақытгүл анамыз отбасы өнегесі жайлы кейінгі ұрпаққа насихаттап, өз отбасының қыр-сырларымен бөлісті. Бүгінгі кездесудің мақсаты — өскелең ұрпаққа отбасылық құндылықтар жайлы дәріптеу.
12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. 18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған. «Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика […]
